Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі өтеді

0
120

23 наурызда Әзербайжан Республикасының астанасы – Бакуде «Ұлы жібек жолы» халықаралық турнирі өтеді. Бір аптаға созылатын жарысқа Қазақстан боксшылары да қатысады.

Оған 10-нан астам елден 100-ден аса боксшы қатысып, күш сынаспақ. Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Ұлттық құрама командасының сапында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Бекзат Таңатар (86 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі) мен аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев қолғап түйістіреді.

Турнирге команданы бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов бастап барады. Оның жанында жаттықтырушылар Марат Жақиев, Азамат Мақажанов пен Нұржан Насанов болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ