Қарағандыда зейнеткердің алтынын ұрлаған күдікті құрықталды

0
72
фото: Halyq Uni

Қарағанды облысында зейнеткердің алтындарын ұрлаған күдікті анықталды, деп хабарлайды zamandas.kz Halyq Uni.не сілтеме жасап.

Polisia.kz мәліметінше, үйге келген қонақтың алтын бұйымдарын ұрлап кеткен аудан тұрғыны ұсталды.

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен аудан тұрғынын құрықтады. Күдікті азаматша өзінің туысқандарының үйіне келген 72 жастағы зейнеткердің алаңсыз отырған сәтін пайдаланып, алтын әшекейлерін ұрлап кеткен, – делінген ақпаратта.

Зейнеткерге 350 мың теңге шығын келтірілді. Күдікті қылмысын мойындады, айғақ зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ