Қарағандылық азамат қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

0
204

Қарағанды облысының тұрғынына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.

Қаржылық мониторинг агенттігі күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Алдын ала тергеу «Өзіміз гой Арай» чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады. Қазіргі уақытта «Люкс чат», «Чек чат Люкс 100%», «Вклад чат 50%» деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Агенттік азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.

 

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ