«AMANAT»: аудан әкіміне кандидаттар ұсынып жатыр

0
102

Конференция жұмысына қатысқан делегаттар әкім лауазымына ұсынылатын кандидаттарды бекітіп, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы есептерді тыңдауда.

«AMANAT»-та аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімі лауазымына партиядан кандидат ұсыну процесі басталды. Мәселен, бүгін Жетісу облысында «AMANAT» партиясы Сарқан аудандық филиалының кезектен тыс ІХ конференциясы өтті. Конференция жұмысына қатысқан делегаттар шешімімен Сарқан ауданы әкімінің лауазымына партия кандидаты ретінде Ғалымжан Маманбаев ұсынылды.

 

Сондай-ақ, бүгін Солтүстік Қазақстан облысында бірден үш конференция өтті. Мәселен, «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалының кезектен тыс XLV конференциясының шешімімен аудан әкімі лауазымына кандидат ретінде Мереке Мұхамедьяров, ал партияның Тимирязев аудандық филиалының кезектен тыс XXXIX конференциясында осындай лауазымға Ерлан Жаров ұсынылды.

Қызылорда облысында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XLII конференциясына қатысқан делегаттар әкім лауазымына Нұржан Ахатовты ұсынды.

Ақтөбе облысында «AMANAT» партиясы Қобда аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІХ конференциясына қатысқан делегаттар аудан әкімі лауазымына Ізгілік Тынымгереевті ұсынды.

Барлық кандидат аумақтық сайлау комиссиясында тіркеуден өтуі тиіс.

Алдағы уақытта аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы партияның өзге де филиалдарында осындай конференциялар өткізу жоспарлануда.

Нұрбек БАҚЫТ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз