Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қарасаевқа қандай айып тағылды – Антикор жауап берді

фото:gov.kz
Антикор Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтты

Антикор Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы айтты, деп хабарлады zamandas.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратурамен бірлесіп, оның бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп күдіктеніп отыр.

«Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын өзімен үлестес серіктестікке беру арқылы өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді», — деді спикер.

Сонымен қатар, Қарасаев полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзарту арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан Ұлытау облысының кеншілеріне марапаттар табыс етті

Какие улицы хотят пробить в Алматы до 2040 года: карта генплана

Белгілі актер Үсіпхан Сейтімбет қайтыс болды