Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҒылым-Білім

ҚАРАСОРА ӨСІРУШІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында қоғамның тыныштығы мен азаматтардың жайлы  да қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында тұрақты да жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Қоғам тыныштығын бұзып, құқық бұзушылыққа жол ашатын нәрсенің бірі есірткі пайдалану, нашақорлық. Түрлі қылмысқа, құқық бұзушылық пен азаматтардың өміріне қауіп төндіретін есірткіге қарсы арнайы іс-шаралар жүргізудің арқасында көптеген құқықбұзушылықтардың жолы кесілуде.

 Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру фактісі анықталды.

Полицейлер Қайнарбұлақ саяжайының тұрғыны өз ауласында құрамында есірткі бар өсімдік – қарасораны ірі мөлшерде өсіргенін анықтады. Тәртіп сақшылары тінту кезінде жалпы салмағы 264 келіден асатын 1426 дана қарасора бұтасын тәркілеп алды. Егерде осы қарасорадан жасалған есірткі айналымға түсіп, оны нашақорлар қолданғанда қаншама құқықбұзушылықтар мен қылмыстар орын алар еді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Сәйкес жаңалықтар

Көкшетауда Pfizer вакцинасын салу басталды

zamandas69@mail.ru

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Жеңіс Қасымбек Астанада 6 жыл бойы қордаланған олқылықтың орнын толтырмақ