Жеңіс Қасымбек Астанада 6 жыл бойы қордаланған олқылықтың орнын толтырмақ

0
162
фото: Солтан Жексембеков

Осы орайда 60-қа жуық балабақша пайдалануға беріледі

Алдағы уақытта елордада 60-қа жуық балабақша салынады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

2017 жылдан бері қалада мемлекеттік балабақшалар салынбаған. Келер жылы осы бағдарламаны қайта бастауды жоспарлап отырмыз. Осы орайда 60-қа жуық балабақша пайдалануға беріледі. 11 нысанның құрылысы 2024 жылы басталады. Кейбірі бизнеспен бірлесе салынса, қалғанының құрылысы тек бюджет қаражаты есебінен іске асырылады, – деді әкім бүгін елорда кәсіпкерлерімен кездесуінде.

Сондай-ақ ол балаларға арналған оқушылар сарайын салу жоспары туралы айтты.

Мұндай 15 нысанның құрылысын жоспарладық. Әр ауданда 5 нысаннан салынады. Бесеуінің құрылысын келер жылы бастаймыз. Екеуі жергілікті бюджет есебінен болса, үшеуі мемлекеттік-жекешелік серіктестік тәртібінде тапсырылады, – деді қала әкімі.

Оның айтуынша, алдағы екі жылда қалада 50 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Содан кейін жыл сайын 10-ға жуық орта білім ордасы тапсырылуға тиіс.

«Себебі бұл жоспарды қаладағы табиғи өсім мен көші-қон үдерісі аясында іске асыруымыз керек», – деді Жеңіс Қасымбек.

Еркеғали Болатұлы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ