«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің пленумы өтті

0
17

2025 жылдың 10 сәуірінде Астана қаласында  «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің III пленумы өтті. Іс-шараға «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан идеяларды жүзеге асыруға бағытталған ұйымның жұмысы мен нақты жоспарларын, сонымен қатар Жеңістің 80 жылдығы бойынша дайындық мәселелерін талқылады.

Аида Балаеваның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, ведомство арнайы жобаны дайындауды бастаған. Бұл құжатта мемлекеттің идеологиялық жұмысындағы мақсат- міндеттер мен басымдықтар айқындалады.

Сондай-ақ министрлік тарапынан ведомстволық марапаттарды тапсыру жүйесін реттеу және марапатталғандар тізімін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР Парламентінің қарауына ономастика саласы мен  қайырымдылық қаражаттарын жинаудың ашықтығына бағытталған заң жобаларының топтамасы ұсынылды.

Киноиндустрияны мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын арттыруға бағытталған «е-Кино» бірыңғай мониторинг жүйесі әзірленді. Сонымен қатар, Қазақстан музейлерінің виртуалды желісі – «е-Museum» веб-порталы таныстырылатын болады.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеудің ұлттық бағдарламасы аясында жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде екі мыңға жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концерт ұйымдастырылады. «Қазақ елі» монументі алаңында әскери парад өтеді, ол еліміздің барлық ірі телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Батырларға тағзым» порталының қызметі кеңейтілді. 27 наурыздан бастап «Qazaqstan» телеарнасында «Ержүрек есімдер» жобасы іске қосылды. Аталған жоба аясында арна эфирінен Ұлы Отан соғысының батырлары жайлы 80 бейнеролик көрсетіледі.

«Қазақфильм» киностудиясы өңірлік кинотеатрларда көрсетілетін 19 ұлттық фильмнен тұратын арнайы топтама әзірледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ