Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Армрестлинг: Маңғыстаулық спортшы күміс жүлде алды

Румынияда өткен армрестлингтен Әлем чемпионатында маңғыстаулық Гаухар Жанғазы күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды zamandas.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 қараша күні басталған жарыс бүгін аяқталды. Әлем чемпионатына 44 елден келген спортшылар қатысты.

Нәтижесінде, Гаухар Жанғазы 45 келі салмақта сынға түсіп, оң қолдан 2-орын, сол қолдан 3-орынды еншіледі. Жаттықтырушысы – Мұстафа Нарынбаев.

Біз бұған дейін қарақиялық спортшы Гаухар Жанғазының әлем чемпионатына қатысатынын жазған болатынбыз. Ол Құрықта №6 мектепте 9-сынып оқиды. Осы уақытқа дейін бірнеше жарыстарда ел намысын қорғап, жетістіктерге жеткен.

Сәйкес жаңалықтар

Еліміз Pfizer-дің 300 мың дозасына тапсырыс береді

Үшауысымды мектептер, кадр тапшылығы, қосалқы шаруашылықтарды тиімді дамыту: А. Көлгінов жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Бішкекке барды