Елордада қысқы спорт маусымы ашылады

0
286

1 желтоқсанда елордадағы шаңғыроллер тасжолында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған қысқы маусымның ашылуы өтеді, деп хабарлайды zamandas.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің мәліметінше, жарысқа жеке спорттық жабдықтары бар кез келген адам қатыса алады.

Тіркелу кезінде жеке уәлігінің болуы қажет.

Шаңғы жарысының старттық нөмірлері әрбір жас тобына қарай жарыс басталмастан 30 минут бұрын беріледі.

Әр жас тобының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын іс-шара сағат 11.00-де шаңғыроллер тасжолында (саябақ аймағында орналасқан Astana Park Hotel) басталады.

Шара аясында еліміздің 17 қаласымен телекөпір ұйымдастырылып, «Хабар 24» телеарнасында онлайн-трансляция арқылы бұқаралық жарыстың басталуы көрсетіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ