Асхат Аймағамбетов: 2025 жылға қарай стипендия тағы екі есе өседі
Мемлекеттік университеттер бұдан былай жөндеу жұмыстары мен жалақы шығындарына, материалдық-техникалық базаны жаңартуға бюджеттен қаржы сұрай алмайды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырсында осындай мәлімет айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша студенттердің стипендиясы да екі есеге жуық өсіп, 2025 жылға қарай тағы да екі есе, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе артады», – деген министр жоғары оқу орындарын қаржыландыру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталды.
«Қазақстан университеттерінің бәрі жан басына шағып қаржыландыру жүйесіне көшті. Университеттерді қанша талапкер таңдаса, сол мөлшерде ғана мемлекет тарапынан грант, яғни қаражат алады. Сәйкесінше, біздің мемлекеттік жоғары оқу орындары жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жалақыға, материалдық базасын жаңартуға бюджеттен тікелей қаржы алмайды. Олар жекеменшік университтер сияқты тек студенттердің таңдауына сәйкес жан басына шағып қаржыландырылады», – деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, ол елдегі ең ірі 28 мемлекеттік оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылып, корпоративті басқару жүесіне көшкенін еске салды. Осының арқасында бұл оқу орындарында былтырдан бастан басты шешімдерді директорлар кеңесі қабылдайтын болған.
Ал ректор сол қабылданған шешімдерді іске асырады.