Асхат Аймағамбетов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды

0
205

Асхат Аймағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды.

«Біздің тарапымыздан Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне Асхат Қанатұлы Аймағабетовтің кандидатурасы ұсынылады», – деді депутат Елнұр Бейсенбаев.

Депуттар бұл кандидатураны бірауыздан мақұлдады.
Асхат Аймағамбетов 1982 жылдың 14 маусымында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.
2003 жылы «тарихшы, тарих пәні мұғалімі» мамандығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (ҚарМУ) бітірді.
2006 жылы «Болашақ» Қарағанды актуальды білім беру институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді.
2002-2004 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қызметкері.
2003-2012 жж. – Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ және IV шақырылымдарының депутаты, қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
2004-2005 жж. – «Жас Ансар лигасы» ҚБ төрағасы.
2005-2006 жж. – «Медиа СП» ЖШС директоры.
2006-2012 жж. – ҚарМУ, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент.
2012-2014 жж. – әлеуметтік мәселелер бойынша Нұра ауданының әкімнің орынбасары.
2014 жылғы ақпан – 2017 жылғы тамыз – Қарағанды облысының білім басқармасының бастығы.
2017 жылғы тамыз – 2019 жылғы 17 қаңтар – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі.
17 қаңтар – 13 маусым 2019 жыл – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылдың 13 маусым күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрі болып тағайындалды.
2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.
2023 жылғы 4 қаңтар күні Президент Жарлығымен қызметінен босатылып, 19 наурыздағы сайлау қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаты болып сайланды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ