Астана спортшылары кезекті жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Франция астанасы Парижде өтіп жатқан көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем Кубогында Қазақстан намысын қорғаған Астана спортшылары кезекті жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астаналық спортшылар – Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы еркін бағдарламада тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Осыған дейін жерлесіміз Эдуард Ким жекелей сында күміс жүлдеге ие болған еді.
Айта кетейік, байрақты бәсекеде әлемнің 22 елінен 167 спортшы өнер көрсетіп жатыр.