«Astana Winner 2026» халықаралық кинологиялық көрмесі

2026 жылғы 2-3 мамыр күндері елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Қазақстан кинологтары одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен барлық ит тұқымдары қатысатын «Astana Winner 2026» халықаралық көрмесі өтеді.
Іс-шара аясында Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының қатарына жататын «Қазақ тазысы» ұлттық ит тұқымын сақтау, дамыту және халықаралық деңгейде насихаттауға арналған арнайы көрме ұйымдастырылады.
Көрмеге Қазақстаннан және шет мемлекеттерден әртүрлі тұқымдағы 350-ден астам ит, халықаралық сарапшылар, итбегілер, ит ұстаушылар және әуесқой кинологтар қатысады.
Халықаралық кинология федерациясының (FCI) Президенті Тамаш Яккель (Венгрия) бастаған, Швейцария мен Қытайдан және басқа да елдерден келген беделді халықаралық сарапшылар төреші болады. Тазы көрмесіне ұлттық төреші Айбол Алпысбаев төрелік етеді.
Қонақтар үшін қазақстандық қолөнершілердің ағаштан, былғарыдан және киізден жасалған бұйымдары, ұлттық әшекейлер мен дәстүрлі киім элементтері сынды дәстүрлі бұйымдары ұсынылатын жеке аймақ ұйымдастырылады.
Көрмелерді өткізу отандық кинологияны дамытуға, ұлттық ит тұқымдарын танымал етуге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның мәдени мұрасын ілгерілетуге бағытталған.
Өтетін күндері: 2026 жылғы 2–3 мамыр
Басталу уақыты: 09:00
Өтетін орны: Астана қ., «EXPO» ХКО, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1
БАҚ аккредитациясы:
Болысбай Іңкәр Мақсатқызы
Тел.: +7 775 284 91 71
Ұйымдастырушы:
Қазақстан кинологтары одағы





