Астанада 2025 жылғы «JastarX» жобасының қорытынды диалог алаңы өтті

0
7

ҚР Ұлттық музейінде «Ақпарат тасқынындағы жас ұрпақ: құндылық, таңдау және жауапкершілік» тақырыбындағы диалог алаңы өтті.

Диалог жастардың ақпаратты қалай қабылдайтынын, талдайтынын және қолданатынын, фейктер мен манипулятивті хабарламалардың қандай қауіптер тудыратынын, сондай-ақ жаңа буынның цифрлық мәдениеті қалай қалыптасатынын талқылау үшін ашық эксперттік пікірталас қалыптастыру мақсатында өтті.

Диалог барысында медиакеңістіктегі өзекті трендтерге ерекше назар аударылды. Іс-шараға арнайы шақырылған сарапшылар, депутаттар, белгілі журналистер, медиаменеджерлер және психоаналитиктер өз кәсіби пікірлерімен бөлісті.

«JastarX» жобасы 2023 жылдан бастап «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асып келеді.

Биыл жобаның аясында төрт диалог алаңы өтті. Атап айтсақ: «Жаңа буынның құндылықтары»; «Жұмысшы мамандықтардың болашағы: трендтер мен перспективалар»; «Еңбек нарығындағы қазіргі тенденциялар мен жағдай»; «Цифрландыру және жасанды интеллект».
Осы жылы жоба жұмысына өңірлік жастар ресурстық орталықтары да қатысып, талқылауларға онлайн форматта қатысуға мүмкіндік алды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз