Астанада 67 мыңнан астам баланы қамтитын 500-ден аса балабақша жұмыс істейді

0
146

Бүгінде елордада 67 642 баланы қамтитын 505 балабақша жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім ұйымдары өткен жылмен салыстырғанда 113 балабақшаға көбейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2023 жылдың басынан бастап 8 957 орындық мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Жыл соңына дейін қосымша 1 360 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады.

Барлық балабақша жаңа мемлекеттік стандартқа және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасына көшті.

Жаңа оқу жылынан бастап алғаш рет мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан балалардың жекелеген санаттарына тегін тамақтану ұйымдастырылады.

Биыл қыркүйек айынан бастап 4 балабақшада, 4 шағын орталықта эмоциялық-еркi жағынан және мінез-құлқында (аутизм) бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін және жекеменшік балабақшаларда түзету топтары ашылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ