Астанада биыл 27 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды

0
121

Биыл Астанада 1 қыркүйекте 27 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бірінші сыныпқа қабылданған балаларды бейімдеу мақсатында 78 мемлекеттік мектепте алғаш рет қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» ашылды. Ол 1 мен 25 тамыз аралығында өткізілді. Мұнда балаларды білім ордасына бейімдеу мақсатында ойын түрінде оқытады. Оқыту бағдарламасын Астана қаласының Әдістемелік орталығы және педагогтер ұжымы ұлттық құндылықтарға негіздеп әзірледі.

Алдағы уақытта Астана қаласының барлық мектептерін қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жазғы демалыстан кейін оқушылар мен ата-аналарды бейімдеу мақсатында тамыз айында «Аdaptation days» жобасы басталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ