Астанада қайырымдылық шыршасы өтті

0
53
Фото: gov.kz

Астанада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты қайырымдылық шыршасы өтті, деп хабарлады Kazinform елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жылдық шыршаға 30 отбасыдан келген 60 бала қатысты. Олардың қатарында мүгедектігі бар, мүмкіндігі шектеулі балалар бар.
Орталықтың баспасөз қызметінің өкілі Баян Жалмағанбетованың айтуынша, өмірлік қиын жағдайдан шыққанша отбасыларға орталық жәрдемдеседі.

Астанада
Фото: gov.kz

Жаңа жылдық мерекені ұйымдастыруға Конституциялық Сот, «DOS ortopedia» ЖШС және «Amer events» қаржылай қолдау көрсеткен. Оларға балаларға тәттілер мен циркке билеттер дайындаған. Бастысы ертеңгілікке келген әр балаға ұйымдастырушылар Жаңа жыл мерекесін сезіндіруді мақсат еткен. Сондай-ақ іс-шараның мақсаты – әр қатысушыға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

«Құрметті, демеушілер. Осындай іс-шараны ұйымдастыруға үлес қосқандарыңыз үшін ата-аналар атынан алғыс білдіремін. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық пен жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін!» – деді ертеңгілікке қатысқан баланың ата-анасы.

Айта кетейік, жыл соңына дейін «Жанұя» орталығы тағы да осындай бірнеше жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Астана
Фото: gov.kz
Астана
Фото: gov.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ