Астанада атқа мінгендер шеруі өтті

0
79
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 – Алдағы дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай елордалық бір топ белсенді қала көшелерін атпен аралады.

Таңертең «Барыс Арена» алаңына атқа мінген белсенділер жиналды. Олардың мақсаты – дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау. Жиналған халықтың арасынан ат шеруін ұйымдастырушыны кездестірдік.

«Ұлы дала дүбіріне жақын қалды. Біздің мақсат – көшпенділер ойындарын насихаттау. Бұл шара енді апта сайын өтеді. Біз қазір атқа отырып елорда көшелерін аралап өтеміз. Айта кететін жайт, бұл жерге кәсіби спортшылар емес, белсенділер жиналған, яғни атпен серуендеуге құмар жандар. Біз барша жұртты көшпенділер ойындарын көруге шақырамыз. Себебі біз көшпенді халықпыз, өз ерекшелігімізді мақтан тұтуымыз қажет», – дейді Tengri Road саяхатшылар ат клубының негізін қалаушы Сағадат Темкенов.

Астана
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Көшпенділер ойындарын қолдаушылар қала бойынша 10 шақырымды атпен жүріп өтпек.

Астана
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кетсек, алаңға атпен серуендеуге құмар жандар жиналған. Атпен қатар тазы иелерін де байқадық. Елорда тұрғындары мен қонақтары жылқы және тазы иттермен суретке түсуге таласып жатыр.

Тазы
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Еске сала кетсек, дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Бірлік керуені» Жамбыл облысынан басталғаны туралы хабарлаған едік.

Бүгінде Астана қаласы дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай безендіріліп жатыр.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ