Астанада Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы Жастар ынтымақтастығының келешегі талқыланды

0
77

Қазақстан мен Еуропаның жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған отырыс өтті.-деп хабарлайды zamandas.kz

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Еуропа Кеңесінің, Еуропалық жастар карточкалық қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ республикалық жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның азаматтық секторы мен Еуропа Кеңесінің жастар саясаты саласындағы бірлескен жобалары талқыланды.

Атап айтқанда, бірқатар отандық Үкіметтік емес ұйымдар Еуропалық жастар картасы қауымдастығымен белсенді ынтымақтастыққа дайын.
Бұл серіктестік жастарының жүріп-тұруына, орналасуға, мәдениет нысандарына баруға, тілдік курстарды, тауарлар мен қызметтерді пайдалану кезінде ақпарат алуға, жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қазақстандық және еуропалық жастардың P2P оқыту, яғни өзара оқыту форматындағы өзара іс-қимылы жоспарлануда. Мұндай әріптестік Жастар бастамаларын дамытуға, әлеуметтік саланы жақсартуға және тұрақты дамуды қолдауға ықпал етеді.

Сонымен қатар Халықаралық жастар күніне арналған кездесуде мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар ұйымдарының ең белсенді өкілдерін марапаттады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ