Астанада биылғы оқу жылында он екінші жаңа мектеп ашылды

0
232
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Сарыарқа ауданындағы Қарасай батыр көшесінің бойында №36 мектеп ашылды. Осыған дейін оқушылар 90 жыл бұрын салынған мектепте оқып келді. Енді олар жайлы оқу орнында білім алатын болады.

Жаңа мектеп екі ауысымдағы 2 400 оқушыға арналған. Оқу орны заманауи оқу кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ мектепте спорт және акт залдары, медициналық кабинет, кітапхана, балалар алаңдары мен басқа да бөлмелер бар.

Осылайша, биылғы оқу жылында 12-ші мектеп ашылды. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, оқу жылының соңына дейін тағы 3 мектеп ашылады.

Сонымен бірге мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылады. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған жаңа пішіндегі 24 мектеп салынады. Олардың 15-і Есіл, Нұра аудандарында орналасатын болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз