Астанада ботаникалық бақ аумағында отшашу болады

0
62
фото ашық дереккөздерден алынды
Ертең Астанада ботаникалық бақ аумағында отшашу болады

 Елорда күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында, яғни 3 шілдеде ботаникалық бақта салют іске қосылады. Отшашу шашылатын болжамды уақыт — 22:00-ден 22:30-ға дейін. Бұл жайында қала әкімдігінен хабарланды.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады.

Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.

Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінен тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді.

Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарланып отыр.

Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты — сағат 22:15 (22:30).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ