Астанада «Диво Мира» фестивалінің финалы өтеді

0
57
Фото: visit-primorye.ru

– Астанада алғаш рет 10-13 маусым аралығында «Диво Мира» халықаралық туристік кинофестивалінің финалы өтеді.

Туристік кино Қазақстанды дүр сілкіндірмек: Астанада «Диво Мира» фестивалінің финалы өтеді.

10-13 маусым аралығында Астана әлемдік туристік киноның орталығына айналады. Елорда қазірдің өзінде қазақстандық туризмнің жаңа перспективаларын ашатын «Диво Мира» халықаралық туристік кинофестивалінің премьерасына дайындалып жатыр.

Кинофестивальдің ашылуы 10 маусым күні сағат 17.00-де Керей-Жәнібек хандар, 18 мекен-жайында өтеді.

Фестиваль-байқау Ресейде де, ТМД елдерінде және басқа да елдерде туризмді ілгерілетуге, сондай-ақ туристік бағыт ретінде аймақтардың экономикасын ынталандыруға бағытталған. Өткізілетін орын ретінде Астананың таңдалуына қаладағы кіру және ішкі туризмнің белсенді дамуы себеп болып отыр.

Фестиваль Астана қаласын дамыту орталығы мен Ақмола облысының туризм басқармасының қолдауымен Беларусь, Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің ең көрнекті бейнематериалдарын ұсынады. Байқауға қатысушылар 30-дан астам номинация бойынша бақ сынасады.

Қатысушылардың жұмысын бейне, маркетинг, теледидар, туристік медиа және видеоблогинг индустриясының жетекші өкілдерінен тұратын сарапшы қазылар алқасы бағалайды.

Қатысу шарттары мен номинациялар тізімі divo.su ресми сайтында орналастырылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ