Атырау облысының әкімдігі жасанды бөгеттерді жарып жатыр (ВИДЕО)

0
119
фото: видеодан скриншот

Ұлы Жем өзенінің арнасын бұру үшін жасанды бөгеттерді жару жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір Ұлы Жем өзені елді мекенге қауіп төндірмес үшін қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып тұр. Осы ретте Жемнің бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды, – делінген хабарламада.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жауапты мамандармен бірге жүріп жатқан жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізді.

Жылыойға төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген жеке шаруа қожалығы суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеп, жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі болып отыр.

Соған байланысты бөгеттерді жару арқылы бітелген арналардың көзін ашып жатырмыз. Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағып жатыр, – деді Қайрат Нұртаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ