Астанада насыбай мен вейп әуесқойлары жауапқа тартылады

0
11

Биыл да елорданың барлық алты ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен пайдаланылуын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бір ай ішінде 60-тан астам сауда орны тексеріліп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 30-дан астам жағдайы анықталды, оның ішінде насыбай шығаратын жерасты цехтары да бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жедел профилактикалық іс-шараларды аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Астана қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің мамандарымен жүргізуде. Рейдтерге жеке кәсіпкерлік нысандары – сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері қатысты.

Есіл ауданында жүргізілген рейдтердің нәтижесінде насыбайдың саудасы тіркелді. Дүкен иесі жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК, яғни 98 300 теңге айыппұл салынды.

Нұра ауданында рейдтік іс-шаралар барысында тұрғын үй кешендерінде орналасқан 16 кәсіпкерлік нысанында профилактикалық түсіндіру жүргізілді. Нәтижесінде екі дүкеннен насыбай мен снюс табылды. Полиция қызметкерлері жалпы құны 12 250 теңге тұратын 20 қаптама насыбай мен 15 қорап снюс тәркіледі. Барлық құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, оларға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Байқоңыр ауданы бойынша осындай жұмыс бес кәсіпкерлік нысанында жүргізілді, рейд нәтижесінде 2 сату орнында 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 1,5 кг-ға жуық насыбай тәркіленді.

Алматы облысында ірі елді мекендерде орналасқан төрт кәсіпкерлік нысаны тексерілді. Насыбай мен снюсты заңсыз сатудың бір дерегі анықталды. Сонымен қатар, дүкен иелерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Тәртіп сақшылары шегілмейтін темекі өнімдерін сатуға қатаң тыйым салуды еске салып, мұндай бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Мұндай тексерулер Сарыарқа ауданындағы сауда орындарында да жүргізілді. Рейдтер барысында Республика, Жеңіс даңғылдары, Гете, Ә.Молдағұлова, І.Дүкенұлы және т.б. қамтылды.

Сарайшық ауданында өткен рейд барысында 10 сауда орны тексеріліп, сату фактілері анықталып, дүкен иелері айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар барысында шағын және орта бизнес субъектілерімен шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК немесе 98 300 теңге айыппұл салынды.

Елорданың барлық алты ауданында рейдтер жүріп жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • СҚО-да тасжол бойындағы полицейді көлік қағып, мерт етті