Астанада қолөнершілер туы әзірленді

0
231

Елордадағы «Хас шебер» фестивалінің алаңында Қазақстан қолөнершілерінің эмблемалары бар бірегей ту әзірленді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлер қатысты. Олар жасаған бұйымдар арнайы жәрмеңкеде жұрт назарына ұсынылды. Оның келушілері зергерлік бұйымдарды, аксессуарларды, ерекше безендірілген ыдыс-аяқтарды, декор элементтерін, отандық азық-түлік өнімдерін және т.б. сатып ала алады.

Жәрмеңкеден басқа фестиваль шеберлік сыныптарынан, ойындардан және дефиледен тұрды. Ал арнайы дресс-код іс-шараны ұлттық мәні бар ерекшелей түсті.

Фестиваль бағдарламасының соңында қолөнершілердің туы желбіреді.

«Қолөнершілердің туында 240-тан астам қазақстандық шебердің эмблемалары көрініс тапты. Мақсатымыз қолөнершілеріміздің басын қосу және шығармашылықты насихаттау болды. Бұл ту отандық өнімнің белгісін білдіреді», – деді «Хас шебер» қоғамдастығының вице-президенті Құралай Әсемқұлова.

Қатысушылардың айтуынша, олар іс-шараға арнайы эмблемалар ойлап тауып, оларды қолмен жасаған. Себебі бұл басты шарт болыпты.

«Идея барлық шеберлер мен қолөнершілердің басын қосу болды. Мен мысалы, тігін ісімен айналысамын. Өзім тіккен көйлектермен бишілер халықаралық фестивальдерде өнер көрсетеді, жұлдыздар клиптерінде түсірді, бойжеткендер ұзату тойында киеді. Елімізде мен сияқты тігіншілер көп, олар өз ісін жақсы көреді және үнемі дамытып отырады.

Бірақ оларды бір-бірімен таныстыру керек. Егер біздің мықты қоғамдастығымыз болса, онда индустрия да тез дамиды», – деді фестиваль қатысушысы Сағдат Қасымханова.

Айта кетейік, қолөнершілер туы қазақстандық КИнЭС-тің рекордтар кітабына енді.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ