Астанада шомылу маусымы қашан басталады?

0
151

ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов шомылу маусымы басталар алдында суда өзін-өзі ұстау ережелерін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Құсайынов елордада төрт аймақта – орталық жағажайда, «Три пескаря», «Столичный двор» демалыс аймағында және Бейсеков көпірінің жанындағы коммуналдық иіру алаңында шомылу ресми түрде рұқсат етілгенін айтты.

Оның сөзінше, елордалық құтқарушылар шомылу маусымының басталуына дайындалып жатыр. Олар су айдындарының маңына ескерту белгілерін орнатып, қала мектептерінде дәрістер оқып жүр.

«Суға шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда басталады. Арнайы жабдықталған орындарда, құтқарушылары бар бассейндерде, жағажайларда шомылу керек. Дені сау адамның қауіпсіз шомылуы үшін судың төменгі температурасы +18, ал ауа температурасы кем дегенде +23 болу керек. Бірақ балалар мен науқастар үшін мұндай шомылу температурасы денсаулық пен өмірге қауіпті», деді А. Құсайынов.

Сондай-ақ ол, статистикаға сүйенсек, 80% жағдайда адамдар мас күйінде және жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде шомылу салдарынан суға батып кететінін атап өтті.

Алакөлде де биылғы жылдың 5 маусымында ашылатын суға шомылу маусымына қызу дайындық жүріп жатыр.

Аружан НАҒАШБАЙ,

Л.Н.Гумилев атынадағы ЕҰУ студенті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз