Астанада зейнеткерлер арасында дойбыдан жарыс өтті

0
37

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» қолдауымен Есіл ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлер арасында дойбыдан турнир өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сайысқа орталықтың белсенді мүшелері қатысып, өзара шеберлік пен тапқырлықтарын сынады. Жарыстың бас төрешісі орталықта шахмат үйірмесінің жетекшісі Мерғалым Нұрымов болды.
Турнир тартысты да қызықты өтіп, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті. Ерекше атап өтерлігі, жарысқа қатысқан ең жасы үлкен ойыншы – 82 жастағы Жұрын Алпыс ақсақал еді.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
• І орын – Мекенбек Рахымбаев;
• ІІ орын – Танеке Шарипов;
• ІІІ орын – Алпыс Жұрын.
Іс-шара соңында Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының өкілдері турнирді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • «Беделімізге нұқсан келтіреді». Үкімет басшысы такси жүргізушілерін сынға алды