Астанада жер сілкісіні болуы мүмкін бе – министр жауап берді

0
57
фото: Halyq Uni

Елорда Тұран платформасында орналасқан. Сондықтан мұнда жер сілкінісі болады деуге негіз жоқ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында министрлерге «Алматыда болған жер дүмпуі неге Астанаға дейін жетті? Себебін түсіндіре аласыз ба?» деген сұрақ қойылды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сауалға жауап бере алмады. Ал Саясат Нұрбек мұның себебін түсіндіруге тырысты.

Сейсмология – үлкен ғылым. Күшті жер сілкінісі болды. (Оның эпицентрі) Қырғызстан және Қытай шекарасында, 250-260 шақырым жерде орналасқан. Афтершок, жер сілкінісі жойқын болды. Рихтер шкаласы бойынша, шамамен 6,5-7 балл. Тербеліс күшті болды. Сондықтан ол орталық Қазақстанда сезілді. (Жер сілкінісінің) толқыны оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталды… Сондықтан біз әлсіз болса да оны сездік, – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Журналист «Астанада жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Қауіп бар ма?» деп сауалын нақтылады.

«Жоқ, Астана Тұран платформасында орналасқан. Ол – өте тұрақты, ескі платформа. Сондықтан бұл жай афтершок болды. Уайымдауға себеп жоқ», – деді Саясат Нұрбек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • «Маугли-балалардың» анасы ата-ана құқығынан айырылады

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213