Оңтүстіктегі жер сілкінісінің дүмпуі Астанада неге сезілді – министр жауабы

0
45
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек оңтүстіктегі жер сілкінісінің дүмпуі Астанада неге сезілгенін айтты.

«Оңтүстіктегі жер сілкінісінің дүмпуі неге Астанада сезілді?» деп сұрады журналист Экология және табиғи ресурстар министрінен.

Алайда бұл сұраққа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді.

«Афтершоктар, сейсмикалық толқын айтарлықтай үлкен болды. Рихтер шкаласы бойынша 6,5-7 дүмпу күшіне жетті. Сондықтан жер сілкінісін Орталық Азия да сезді. Тербелістер Оңтүстіктен Солтүстікке бағытталды. Сондықтан Астана тұрғындары да дүмпуді сезінді. Бірақ мұндағы тербеліс шын мәнінде өте әлсіз болды», — деді Саясат Нұрбек.

БАҚ өкілі бұған дейін Алматыда сезілген зілзаланың әсері Қарағандыға ғана жеткенін айта келіп, бұл жолы Астанаға дейін сезілуінің себебін жер астындағы өзгерістермен байланыстыру қаншалықты қисынды екенін сұрады.

«Оны айту қиын. Бірақ жер астындағы өзгерістерден емес. Астана Тұран деп аталатын платформада тұр. Ол — өте орнықты, көне платформа. Сондықтан тек афтершок қана сезілді. Әйтпесе жер сілкінісінің өзі қуатты болды. Жалпы уайымдайтын ештеңе жоқ», — деді министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ