Астаналық спортшылар алғашқы күні топ жарды

0
12

Түркістан қаласында 14 қыркүйек VI Жастар спорт ойындары басталды. Дүбірлі додада елордалық спортшылар академиялық есу бойынша алғашқы күннен-ақ жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Екінші күн қорытындысына сәйкес астаналық спортшылар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленді.

Алтын медаль иегерлері:

• Бапан Асханбек / Арыстан Айбеков (M2x)

• Артём Матусевич / Бауыржан Сұлтанов (LM2x)

• Аягөз Қоңырбаева / Саида Мақзұмова / Жансұлу Қайырова / Медина Қоңырбаева (LW4-)

• Тимур Фомичев / Ярослав Мельников / Арслан Сексен / Дидар Сәгімбаев (M4-)

Күміс медаль иегерлері:

• Эльдар Татаринов / Абай Мұхаметқан / Сұлтан Құлназаров / Бауыржан Сұлтанов (LM4-)

Қола медаль иегерлері:

• Медина Коңырбаева / Жансұлу Қайырова (LW2x)

• Сара Жұмаш / Әділ Аружан (LW2x)

Айта кетейік, жарыс 19 қыркүйекке дейін жалғасады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз