Астаналықтар қаланың бас жоспарының жобасын талқылау ісіне қатысуға шақырылады
Елорданың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанабасжоспар» ҒЗИ-мен бірлесіп астаналықтарды 2035 жылға дейін Астананың Бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауды жалғастыру ісіне шақырады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2023 жылғы 21-22 тамыз аралығында Астана қаласы Ә. Мәмбетов к-сі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бұл ретте бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізілетін болады.
Қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен халықты кеңінен қамту үшін елорда аудандары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылатын болады.
2023 жылғы 22 тамыз:
Сағат 17-00 – Сарыарқа ауданы, Ә.Мәмбетова көшесі, 22.
2023 жылғы 23 тамыз:
Сағат 11-00 – Байқоңыр ауданы, М. Ғабдуллин көшесі, 7, №10 мектеп гимназиясы мекенжайы бойынша;
Сағат 15-00- Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі, 20, № 86 мектеп-гимназиясы.
2023 жылғы 24 тамыз:
Сағат 10-00 – Нұра ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;
Сағат 15-00 – Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.
25 тамызда Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша «Жастар» сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді.
Басталуы сағат 10.00-де.
Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді мына электронды поштаға жіберуге болады: smgp@astanagenplan.org.kz.