Астаналық зейнеткерлер қол күрестен сынға түсті

0
6

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының спорт нұсқаушылары Алматы ауданының әкімдігімен бірлесіп, зейнеткерлер арасында қол күрестен жарыс өткізді. Білекпен күш сынасуға 20-ға жуық зейнеткер ниет білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Зейнеткерлер арасында өткен жарысқа Астана қаласы әкімдігінің қалалық бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясының нұсқаушысы Дәулет Хамзин мен Алматы ауданы әкімдігінің әлеуметтік бөлім менеджері Шалқар Қайыржан төрешілік етті.

Әділ сайыста қазылар алқасының шешімі бойынша әйелдер арасынан 1-санатта, яғни 60 келіге дейін салмақта Ирина Чагай, Камила Шакирова, Ләззат Иманбаева жеңімпаз атанса, 2-санатта 60 келіден жоғары салмақта Ботагөз Спанбетова, Бақыт Нүкенова, Бақыткүл Байымбетова жеңіске жетті.

Ерлер арасынан 1-санатта 75 келіге дейін салмақта Мақсұт Нұрышев, Қайрат Хайдаров және Нұрабай Ахметов қарсыластарынан озып шықты. 75 келіден жоғары салмақта күш сынасқан аталарымыз Асқар Исабеков, Алмағазы Кукушев пен Тәңірберген Иманбаев жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс өзара қызықты, әрі тартымды өтті. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз