Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

Ақорда
Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Шығыс Қазақстан «жасыл» аймаққа шықты

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді

Қазақстандық ғалымдар литий-ионды батареяларды қайта өңдеу жобасын жүзеге асырады