Қарағандыда беліне арқан байлап секірмек болған әйел мерт болды

0
15

Бұл туралы хабар 10 қазан Қарағандының оңтүстік-шығыс бөліміне келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барса 33 жастағы әйелдің тоғыз қабатты үйдің төбесінен секіргені белгілі болған. Қатты жарақат алып ауруханаға жатқызылған. Алайда дәрігерлер азаматшаның өмірін сақтап қала алмады.

Бұл факті бойынша бұған дейін полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 306 бабы 1-бөлігімен “Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтер көрсету” бойынша қылмыстық іс қозғаған еді. Бірақ жаңа деректердің табылуына байланысты аталмыш қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 1-бөлігінен 306 баптың 3-бөлігіне ауыстырылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Полиция басқармасы аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын, қауіпсіздік ережелері қаншалықтың сақталғанын анықтауда.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ