Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады

0
162

Фото: аzh.kz

Ақорданың баспасөз қызметі 17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен баратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады. Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр», делінген хабарламада.

Маржан ТІЛЕУБЕК

ПІКІР ҚАЛДЫРУ