Жәнібектің тағдыры: тағы 4 әйелден алынған ДНҚ қорытындысы шықты

0
28
фото: instagram.com/kymbatdoszhan

Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек Савельев Қазақстанға анасын іздеп келіп, мақсатына жете алмай, кері оралған еді. Шетел асқан қазақ баласына бірінші болып көмек қолын созғандардың бірі – журналист Қымбат Досжан желідегі парақшасында тың дерекпен бөлісті.

Қымбат Досжан тағы 4 болжамды анадан сынама алынғанын жеткізді. Өкінішке қарай, олардың да нәтижесі теріс болып шықты.

Қадыр түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз болып шықты. Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз. Қуанатын кез алда, Жани! Жауаптыларға тықыр таянды, – деп жазды журналист.

Өз кезегінде Жәнібек аталған жазба астына пікір қалдырып, анасын іздеп жатқан жандарға алғыс айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ