Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалды

Фото: ҚР ТЖМ

 – Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 орын дайындалды.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті.

Әкім орынбасарының айтуынша, осы кезге дейін Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша — Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнындағы вахталық кентіне көшірілді.

«Су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын тұрғындар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды», — деді Бисембиев.

Сәйкес жаңалықтар

Тәрбие жұмысына сынып жетекшілері, ата-аналар мен психологиялық қызметтер белсенді қатысуда

Олжас Бектенов қаза тапқан ферроқорытпа зауыты жұмысшыларының отбасына көңіл айтты

Аталған жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған