Атырауда бассейндегі топтық төбелестен 2 адам жарақаттанды

0
160
фото: ашық дереккөз

Атыраудағы бассейн кешенінде топтық төбелес болды. Шудың басты себебі – 16 жастағы жасөспірім бассейнде өзіне белгісіз ер адамның тиіскенін айтқан.

Екі жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, №2 полиция бөліміне «Жұлдыз» шағын ауданында орналасқан «Саванна» бассейні кешенінде белгісіз біреулер арасында төбелес болғаны туралы хабарлама түскен.

Хабарламаны тексеру барысында 16 жастағы жасөспірімнің құтқарушылардың біріне әлдебір ер адамның тиіскені туралы шағымданғаны анықталды. Салдарынан құтқарушылар мен бассейнге келушілер арасында төбелес болған.

Соның салдарынан 22 және 18 жастағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

29, 28 және 30 жастағы күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Е.БОЛАТҰЛЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ