Ауру профилактикасының тиімді әдістерінің бірі – халықты жоспарлы иммундау

0
9

Қазақстанда 1 қазаннан басталатын ағымдағы эпидемиологиялық маусымның басынан бастап республикада ЖРВИ-дің 688 168 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылы сырқаттанушылық деңгейінен 8%-ға төмен. Осы эпидемиялық маусымда зертханалық расталған А тұмауының(H1N1) 7 жағдайы тіркелді.
Тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 2 207 750 доза тұмауға қарсы вакцина сатып алынды. Бүгінгі таңда халықтың 100%-ы вакцинацияланды.

Елде басқа вирустық респираторлық инфекциялар да таралуда. Маусымдық тұмау жоғары температураның кенеттен пайда болуымен, жөтелмен, бас ауруымен, бұлшықет ауруымен және буын ауруымен, қатты әлсіздікпен, тамақ ауруымен және мұрынның ағуымен сипатталады.

Ауру профилактикасының тиімді әдістерінің бірі – халықты жоспарлы иммундау. Тұмауға қарсы вакцинациялау негізгі аурудың асқынған ағымынан, емдеуге жатқызудан және өлімнен қорғайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ