«Ауыл аманаты» бағдарламасы халық арасында үлкен қолдауға ие болды

0
16

Президенттің тапсырмасы бойынша бастау алған «Ауыл аманаты» бағдарламасы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Семинардың мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобаның аралық қорытындыларын шығару және алдағы жоспарларды талқылау.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, облыс әкімдерінің орынбасарлары, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

«Ауыл аманаты» аясында 16 мың микрокредит беріліп, 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Бағдарламаны жетілдіру мақсатында «AMANAT» партиясымен бірлесіп, әрбір өңір, аудан және ауылдың мамандануын нақтылау, өтінімдерді қабылдауға арналған ақпараттық жүйені енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың басқа да түрлерін ауылдық жерлерге бағыттау қажеттілігін анықтау жұмыстары жүргізілді.

Өңір әкімдеріне несиелерді таратып қана қоймай, әрбір жобаны толық іске асыру мен оның сәттілігіне дейін қадағалау міндеті жүктелген.

Микрокредит алушылардың өндірген өнімдерін өткізу арналарын дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл бағытта Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары жақсы нәтиже көрсетуде, мұнда ірі кәсіпорындармен меморандумдар жасалған. Бұл жергілікті өндірушілерге қолдау көрсетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге жағдай жасауға мүмкіндік берді.

«Келесі жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі 50 млрд теңге бөледі, ал 2026 жылы дәл осындай сома қарастырылады. Бұл қаражат өңірлерге нақты талаптарды орындау шартымен бөлінеді: жобалар өнім өндіру мен өткізудің нақты схемасына ие болуы керек, микрокредиттердің берілуі, қайтарылуы және мониторингі АШМ-ның цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылады. 2025 жылы бөлінген қаражаттың 20%-ын ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу үшін, 20%-ын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және 60%-ын басқа бағыттарға жұмсауға рұқсат беріледі», – деді Тамара Дүйсенова.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ