Ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді түрде өткізуіне мүмкіндік береді

0
7

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Жұмашев пен SHIJIXIANGHE Agribusiness Group басшысы Яо Сан болашақ өңдеу зауыты үшін тұрақты астық жеткізуді ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық жөнінде келіссөздер жүргізді. Кездесуге сондай-ақ KAZAKH INVEST өкілдері қатысты.

Осыған дейін Қытай делегациясы құрамындағы Dalian Hesheng Holdings компаниялар тобы басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан мырзаның жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесу өткізген болатын. Кездесуде тараптар Қазақстан аумағында перспективалы жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Терең астық өңдеу кешенін Ақмола облысында салу жоспарлануда. Бастапқы кезеңде зауыт жылына 1 млн тонна бидай өңдейтін болады, ал болашақта қуаттылықты 3 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделуде. Қытай серіктестері «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» астықтың әлеуетті жеткізушілерінің бірі ретінде қарастыруда.

Келіссөздер барысында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Жұмашев мемлекеттік астық операторы кәсіпорынды қажетті өнім көлемімен тұрақты түрде қамтамасыз ете алатынын мәлімдеді.

Жоғары технологиялық жобаны астық егетін өңірде жүзеге асыру агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын ынталандырады және қазақстандық аграршылардың ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді түрде өткізуіне мүмкіндік береді.

Қытайдың көпсалалы Dalian Hesheng Holdings компаниясы бидайды өңдеу және ферментациялау саласындағы технологиялық патентке ие және озық цифрлық технологияларды пайдаланады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ