Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді

0
195

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы әкелінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды zamandas.kz сайты.

«Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасуда. 1-компонентті 8,7 млн адам алды. Бұл тиісті ересек халықтың 76%-ын немесе 46%-ын құрайды. Екінші компонентті 70%-ын немесе жалпы халық санының 42,2%-ын қамтитын 7,9 миллионнан астам адам салғызды. Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда 35 012 адам, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйелдер екпе алды», – деді ведомство басшысы.

Министр аталмыш вакцинаның түрін жеткізу апта сайын жалғасатынын атады.

«Тұмауға қарсы вакцинация іс жүзінде аяқталды. 2 миллион 500 мыңнан астам адам немесе халықтың 99,3% екпе алды. Жалпы халықтың 13%-ына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талап ететін деңгейге (кемінде 10%) жетті», – деді Алексей Цой.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ