Қазақстанға +997 телефон коды не үшін керек

0
332

Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин не себептен Қазақстан телефон кодын +997 нөміріне ауыстырғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды zamandas.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бізде Ресеймен 2006 жылы бекітілген ведомствоаралық келісім бар. Оған сәйкес, екі тарап 6 ай бұрын ескерте отырып келісімнің күшін жоя алады. Яғни +7 деп басталатын ұялы байланыс коды екі жаққа ортақ, Қазақстан мен Ресейге. Келісім аясында Ресей бас тартса, біз де одан бас тарта аламыз. Біз үшін бастысы – заң аясында жүзеге асқаны», – деді Бағдат Мусин Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде.

Сондай-ақ, министр елімізге +997 нөмірлі телефон кодын БҰҰ бергенін және ол кодтың Қазақстан үшін неліктен сұралғанын түсіндірді.

«Бұл телефон кодын бізге халықаралық электр байланысы одағы берді. Яғни, Ресей Федерациясы немесе АҚШ берген жоқ, халықаралық ұйым беріп отыр. Біз неліктен +997 кодын сұрадық? Егер біз +7 нөмірлі кодынан бас тартқан жағдайда, мәселені шешемін дегенше уақыт жоғалтар едік. Нөмірді ауыстыру үшін кем дегенде 3 жыл уақыт қажет. Біз өзіміз ниет білдіріп өтінім бердік, нәтижесінде халықаралық кодқа ие болды», – дейді ол.

Еске сала кетсек, биыл қыркүйекте министр Қазақстанда +997-ден басталатын жаңа телефон коды берілгені хабарлаған еді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз