Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЭкономика

Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Баку-Тбилиси-Карс (БТК) теміржолының ресми ашылу салтанатына қатысты. Іс-шара 2 маусым күні Грузияда Ахалкалаки теміржол станциясында өтті.

Баку–Тбилиси–Карс теміржолы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) маңызды бөліктерінің бірі. Бағыт Әзірбайжан, Грузия және Түркия теміржол желілері арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етіп, Қазақстаннан жүктерді Каспий теңізі арқылы Түркияға және Еуропа елдеріне тасымалдауға қосымша мүмкіндіктер ашады.

БТК инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі нығайтуға, халықаралық тасымалдау көлемін ұлғайтуға және Еуразиялық аймақтағы логистикалық тізбектердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Теміржол магистралінің жалпы ұзындығы 827 шақырымды құрайды. Желі 2017 жылдан бастап сынақ режимінде жұмыс істеп келеді. 2023 жылдың мамыры мен 2024 жылдың мамыры аралығында учаскеде ауқымды инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, бұл маршруттың өткізу қабілетін айтарлықтай арттырды.

Қайта құрудан кейін Баку-Тбилиси-Карс темір жолының жылдық өткізу қабілеті 1 миллион тоннадан 5 миллион тоннаға дейін артты.

Сәйкес жаңалықтар

“Сталкингті тоқтат, қауіпсіздік – әр адамның құқығы” тақырыбында ауқымды профилактикалық форум өтті

Бұл – ақтөбеліктердің Абай еліне үлкен тартуы

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ