Қазақстан – Бельгия: Астанада матч кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

15 қараша күні елордадағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Бельгия ұлттық құрамалары арасында футбол матчы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ірі спорттық іс-шараға байланысты «Сарыарқа» велотрегі мен «Алау» спорт кешені маңында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдары жағынан жол қозғалысы белгілі бір бағыттар бойынша шектелетін болады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін 3300-ге жуық ішкі істер органдарының қызметкері жұмылдырылмақ. Сонымен қатар шетелдік жанкүйерлер мен іс-шара қонақтарын бақылау және сүйемелдеу шаралары ұйымдастырылған.
Жанкүйерлердің ыңғайы үшін матч өтетін жерге мына орындардан арнайы автобустар қатынайды:
«Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
«Астаналық цирк» автотұрағы;
«Бас мешіт» автотұрағы;
«Орталық саябақ» автотұрағы;
«Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы.
Автобустардың қозғалысы сағат 16:00-де басталады.
Жанкүйерлерге өздерінің қолайлылығы мен қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз.









