Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Қазақстан жасөпсірімдер құрамасы Әлем кубогінде үшінші орынға ие болды

фото: olympic.kz

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөпсірімдер құрамасы Әлем кубогінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Olympic.kz мәліметінше, отандық команда Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен Әлем кубогінің кезеңінде қола медальға қол жеткізді.

Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко мен Алена Лифатова қорғады. Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті, – делінген ақпаратта.

Бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.

Сәйкес жаңалықтар

Туризм саласы екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды бағыты болып қала береді

Ташкент төріндегі жарқын жеңіс: Алматы циркі «Жібек жолында» қос жүлдеге қол жеткізді

Абай облысының конькишілері Әлем кубогында жүлдегер атанды