Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы қалай енгізіледі?

0
344

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты түсініктеме берді.

«Өзгеріс аясында 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасын кезекпен ауыстыру қарастырылады. Мысалы, бір апта 5 күндік болса, екінші аптада 4 күн жұмыс істеуге болады. Бұл жұмыс кестесі қызметкердің өтініші бойынша жұмыс берушінің келісімімен бекітілуі мүмкін. Сөйтіп, 4 күн жұмыс істейтін қызметкерде қосымша демалатын бір күн пайда болады», деді Сәкен Ділдахмет.

С. Ділдахмет бұл тәжірибені кейбір жұмыс берушілер қолданып жүргенін және ол еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтты.

Баспасөз хатшысы бұл режимді енгізу қызметкерге жеке және отбасылық қажеттіліктермен жұмыс істеу міндетін үйлестіруге мүмкіндік беретінін мәлім етті.

«Мұндай режимде жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, Еңбек кодексінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы еңбек өтілін және басқа да құқықтарына шектеулер туғызбайды»,  деп түйіндеді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ