ҚАЗАҚСТАНДА АУТИСТІК СПЕКТРДЕГІ БҰЗЫЛЫСТАРДЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

фото интернеттен алынды

Аутизм – денсаулық сақтау мен әлеуметтік саясат саласындағы жаһандық маңызы артып келе жатқан мәселе, өмір бойы сақталатын жағдайларға жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, әлемде әрбір 100 баланың шамамен 1-інде АСБ диагнозы бар.
2026 жылы динамикалық бақылауда аутистік спектрдегі бұзылыстары бар 17 196 бала тіркелген. Көрсеткіштердің өсуі, ең алдымен, диагностиканың жақсаруымен, ерте анықтау бағдарламаларының кеңеюімен және медициналық көмектің қолжетімділігінің артуымен байланысты.
Қазақстанда АСБ бар балаларға көмек көрсетудің бірыңғай маршруты қалыптастырылған. Ол 16 айдан 30 айға дейінгі балаларда аутизмді ерте анықтаудан бастап, кешенді көмек көрсету, оңалту, білім беру және әлеуметтік бейімдеуге дейінгі кезеңдерді қамтиды.

Денсаулық сақтау жүйесінде диагностика M-CHAT-R скринингі арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасында АСБ диагнозы тек 3 жастан бастап психиатр дәрігердің тарапынан қойылады. Айқын және ауыр белгілер байқалған жағдайда психикалық денсаулық орталықтарында мамандандырылған көмек (дәрі-дәрмекпен емдеу және стационарлық ем) көрсетіледі.

АСБ кезінде түзету көмегі симптомдардың айқындылығын төмендетуге және өмір сапасын арттыруға бағытталған. Әлемде негізгі емдеу әдісі ретінде психологиялық-педагогикалық және мінез-құлықтық терапия танылған.
Медициналық оңалту көмегін 80 оңалту орталығы, оның ішінде 20-і – ерте араласу орталығы көрсетеді.
Әлеуметтік қорғау жүйесінде 8 күндізгі болу орталығы, ал білім беру жүйесінде АСБ бар балаларға арналған 11 түзету орталығы жұмыс істейді.
Әрбір бала мен оның отбасының қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілді енгізуге, сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылуда.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту
КӨП ОҚЫЛҒАН
-
Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға ¬– Ерлан Қарин
24.01.2026187740Сіздерді Конституциялық комиссия жұмысының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Конституциялық комиссияның құрылуын тарихи ... -
Тәрбие – тал бесіктен басталады
21.02.2023
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ17VPY00041336 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.
E-mail: zamandas69@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер









