Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

0
55
фото: Halyq Uni

Елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 11,5 пайызға көтерілді. Мұндай ақпаратты Energyprom сарапшылары ұсынды.

Өңірлерге келсек, баға Астанада бір жылда 16,8%, Шымкентте 16%, Павлодар облысында – 14,3%, Қарағанды облысында 14,2% және Абай облысында 13,4%-ға қымбаттады.

Ал баға қатты өзгермеген өңірлер қатарында Ақмола (4,9%), Маңғыстау (5,8%),  Жетісу (7,1%) облыстары бар.

Елімізде қаңтар-мамыр аралығында 70,9 млрд теңгеге дәрі-дәрмек өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,8%-ға артық.

Өңірлерге келсек, ең көп дәрі-дәрмек Шымкентте өндірілген. Қалада 29,1 млрд теңгеге өндірілсе, Қарағанды облысында 17,9 млрд теңге (жылына +70,4%), Алматы облысында 13,3 млрд теңгеге (-19,5%) дәрі-дәрмек шығарылды.

Қаңтар-сәуірде Қазақстанға 590,6 млн долларға дәрі-дәрмек импортталған. Қаржы жағынан өсім 29,3%-ды көрсетті.

ТМД елдерінен республикаға 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылмен салыстыранда 38%-ға көп. Ішінде ең көп өнімді Ресей жеткізген – 2,9 мың тонна. Үштікте Беларусь (670,9 тонна) және Украина (233,7 тонна) бар.

Басқа елдерден Қазақстанға 6,5 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады, бұл былтырмен салыстырғанда 4,9%-ға аз. Қытайдан 1,2 мың тонна, Германиядан 880,7 тонна, Үндістаннан 850,9 тонна, Франциядан 514 тонна және Польшадан 442,1 тонна жеткізілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ